Қызылорда облысында коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті елдегі сырқаттанушылық пен аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
2025 жыл басынан бері коронавирус инфекциясына шалдығудың 1 дерегі анықталды, қайтыс болу жағдайлары тіркелген жоқ. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 75 жағдайға азайған.
Жүргізілген секвенирлеудің соңғы деректері бойынша Қазақстанда тіркелген коронавирус жағдайлары омикрон штамының әртүрлі нұсқаларына сәйкес келді.
Омикрон нұсқасы 30-дан астам мутацияны қамтиды және аурудың жеңіл өтуімен сипатталады, сондықтан стационарлық емдеуді қажет етпейді.
Аурудың негізгі симптомдары – жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жөтел.
Басқа елдерде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесі сақтық шараларын ұсынады:
• жіті респираторлық инфекциямен ауыратын адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу;
• қолды, әсіресе науқас немесе олардың айналасындағы адамдармен тікелей байланыстан кейін жиі жуу;
• үй-жайларды тұрақты түрде желдету, ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізу;
• адам көп жиналатын және нашар желдетілетін жабық үй-жайларда медициналық маска пайдалану.
Ауру симптомдары байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге кеңес береміз.
Гульмира Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!