Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Covid-19: Мамандар бетперде тағуды ұсынды

20.08.2022

723 0

Аймақта коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегімен соңғы тәулікте 22 жағдай тіркелді. Оның 11-і симптомды белгісімен анықталған.

Вирус жұқтырушылардың көбі қала тұрғындары болып отыр. 22 жағ­дайдың 13-і қаланың үлесінде болса, 2 жағдай Қармақшы ауданында, 4-еуі Шиелі, 3-еуі Жаңақорғанда анықталған.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депар­таментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері коронавирус инфекциясымен 6257 науқас ауырған. Ал тамыз айындағы есеп бойынша 551 дерек тіркелген. Оның 30 процентін 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр.

Осы ретте мамандар тұрғындарға көпшілік орынға жиі бармауды, бетперде режимін ұстауды ұсынады. Сондай-ақ ұжымдық иммунитет қалыптастыруда екпе салдырудың маңызын ұмытпаған жөн. Қазіргі таңда 12-17 жас аралығындағы  75192 жас­өспірім Пфайзер препаратымен вирусқа қарсы екпе салдырған. Ал вакцинаның І-ІІ компонентін 500 мыңнан аса тұрғын салдырса, 247258 адам ревакцинациядан өткен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: