Облыста коронавирусты жұқтырушылар артып келеді. Мамандар соңғы көрсеткіш бойынша «сары аймаққа» жақын тұрмыз деген дабыл қағуда.
Жалпы пандемия басталғалы бері облыста коронавирус инфекциясының 25140 жағдайы анықталған. Ал соңғы тәулікте 52 науқас тіркелген. Оның 32-сі қала тұрғыны болса, Сырдария ауданында – 4, Шиеліде – 7, Жаңақорғанда – 9 адам вирус жұқтырған.
Коронавирусқа қарсы ревакцинациялау шарасы әлі де жалғасуда. Қауіпті инфекциядан қорғануда қарапайым азаматтардан бөлек, жасөспірімдер мен жүкті, емізулі әйелдер де иммунитет қалыптастыруда. Бұл вирустан қорғануың бірден-бір жолы екенін дәрігерлер ескертіп келеді.
Еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша облыс «сары аймақ» көрсеткішіне жақындаған. Бұл санатта әзірге Нұр-Сұлтан қаласы тұр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!