Коронавирус инфекциясы соңғы тәулікте 22 адамнан анықталды. Оның 17-сі симптомды, 5-еуі симптомсыз жағдайда белгілі болған.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, шілде айы басталғалы аймақта вирус 216 адамнан шыққан. Соңғы дерек бойынша 16 жағдай қаладан болса, Шиелі ауданынан – 5, Жаңақорған ауданынан – 1 жағдай анықталған.
Мамандардың айтуынша, пандемия әлі аяқталған жоқ. Сондықтан ұжымдық иммунитетті қалыптастыруда екпе салдырудың маңызы жоғары болмақ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!