Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 3 959. Соңғы тәулікте вирус анықталмады. Ал індеттен айыққан науқастар саны 3881-ге жетті.
Бүгінде инфекциялық стационарда 53, ал стационардың реанимация бөлімінде 6 науқас ем алуда.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны – 16 162 тікелей қарым-қатынас – 13 414, ықтимал қарым-қатынас – 2 748.
Өткен тәулікте зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 1 197, тексерілгені – 761, жұмыс жасалуда – 436. Қалдық тест саны – 9 950. Эпид. маусым басталғалы бері 248 354 сынама алынды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!