Жұма, 27 желтоқсан, 22:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

COVID-19 вакциналары сүт безі қатерлі ісігін тудыратыны рас па?

19.02.2021

1140 0

Желіде «COVID-19 вакциналары сүт безі қатерлі ісігі белгілерін тудырады» деген фейк ақпарат тарады. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.

COVID-19 вакциналарының жанама әсерлері сүт безі қатерлі ісігінің белгілеріне өте ұқсас болуы мүмкін деген хабарламалар қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Кейбіреулерінің пікірінше, бұл екпелердің іс жүзінде онкологиялық аурулардың өршуіне себеп болуының белгісі. Әрине, бұл олай емес.

Үстіміздегі жылдың 18 қаңтарында Clinical Imaging журналында жарияланған «COVID-19 қарсы вакцина аясында бір жақты қолтықасты аденопатия» мақаласы алаудаушылыққа себеп болды. Онда COVID-19 қарсы вакцинациясынан кейін төрт әйел медициналық көмекке жүгінгені жазылған. Олар препараттың екінші дозасын алғаннан кейін бірнеше күн өткен соң олар қолтықасты шұқырының лимфа түйіндерінің көлемі ұлғайғанын байқаған.

Лимфа түйіндерінің ұлғаюы сүт безі қатерлі ісігінің белгілерінің бірі болуы мүмкін, бірақ бұл қатерлі ісіктердің нақты индикаторы емес. Маммологқа уақтылы жүгіну үшін әйел сүт бездерінің көлемі мен пішінінің өзгеруіне, бөлініп шыққан заттарға және кеуде аймағындағы бөртпелерге назар аударуға кеңес береді.

Сипатталған белгілердің барлығы болса да, дәрігер толық тексеріп, барлық қажетті талдауларды алғаннан кейін ғана нақты диагноз қоя алады. COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін көмекке жүгінген төрт әйелдің ешқайсысында сүт безі қатерлі ісігі анықталған жоқ.

Сонымен қатар, дәрігерлер вакцина алғаннан кейін лимфа түйіндерінің ұлғаюы таңқаларлық жайт емес деген ортақ пікірде.

«Лимфа түйіндерінің көлемі ұлғаюы мүмкін. Әдетте, олар препарат еккен жақтан өседі», – дейді Вирджиния госпиталінің инфекционисті Дженнифер Примеджиа.

Жалпы алғанда, лимфа түйіндері аздап өсіп, содан кейін бұрынғы қалпына түссе, мұндай жанама әсер зиянсыз. Дәл осындай әсерді кейде БЦЖ вакцинасын алған балаларда да байқалады.

Вакцинаның жанама әсері туралы ақпаратпен қоса ауыр металдар мен зиянды компоненттердің болуына байланысты жалпы вакциналардың қауіптілігі туралы мәлімдемелер таратылуда. Бұл тезистер бірнеше рет теріске шығарылды және жалған деп танылды. Вакциналар иммунитетті төмендетпейді, керісінше туберкулез, қызылша, шешек, сіреспе және т.б. қауіпті және өлімге әкелетін аурулармен күресуге көмектеседі.

Айта кетейік, вакцинациядан кейін лимфа түйіндерінің ұлғаюы туралы Pzifer-BioNTech немесе Moderna препараттарын алғандар ғана хабарлаған. Қазақстанда бұл вакциналар қолданылмайды. Елімізде COVID-19 пандемиясымен күресу үшін ресейлік «Спутник-V» вакцинасы пайдаланылады. Бұл препаратты алғаннан кейін лимфа түйіндерінің ұлғаюы туралы хабарланған жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: