Коронавирус инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша Алматы «сары» аймаққа қайта оралды. Денсаулық сақтау министрлігі 3 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. Жағдай келесі сипаттағыдай: «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, БҚО, Қостанай, Павлодар облыстары. ⠀ Барлық басқа өңірлер «жасыл» аймақта болып саналады. Өткен тәулікте, 2 наурызда елімізде коронавирус инфекциясының 717 жаңа жағдайы тіркелді.
Мәлімет көзі: Jasqazaq.kz
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!