Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Covid-ке дейінгі және кейінгі балалардың дамуында айырмашылық бар

15.11.2024

285 0

Логопед-дефектолог Қарлығаш Әбдірахманова Айгерім Сейфоллаға берген сұхбатында коронавирус балалардың денсаулығына қалай әсер еткенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман коронавирус пандемиясынан кейін дүниеге келген балаларда психикалық бұзылыстар айқынырақ екенін айтты.

«Covid-ке дейін келетін балалар басқаша болды: жеңілдеу, психикалық бұзылысы айқын емес, жартылай түсінеді, жартылай сөйлейді, шамалы уақыт жұмыс істесек, баланың жағдайы жақсарып кететін. Ал сovid-тан кейін дүниеге келген балалармен жұмыс күрделі болып жатыр. Өйткені айқын психикалық бұзылыстар көп, тілі кеш шығып қана қоймай, ақыл-ой кемістігі көп. Ақыл-ой кемістігі деп айтпаймыз, зерде бұзылысы деп айтамыз. Жасы 4-5-ке келген бала өзін ол жастағы бала сияқты ұстамайды, бұл жерде олар кешігіп немесе артта қалып тұрған жоқ, дамуы тоқтап тұр», – дейді логопед.

Қазір неліктен аутист балалар көп?

Дәрігер аутизммен ауыратын балалардың көбеюіне көптеген фактор әсер ететінін айтты.

«Оған тек коронавирусты кінәлай алмаймыз. Коронавирус – факторлардың бірі. Одан бөлек, гаджеттер, аналардың денсаулығы, жүктілікке дайындалмау, дұрыс тамақтанбау, экология – бәрі әсер етеді. Нақты себебін айта алмаймыз. Десе де, жүктілікке дейінгі, жүктілік және жүктіліктен кейінгі кезеңге аса мән беру қажет», – дейді Қарлығаш Әбдірахманова.

Дефектолог балаға дұрыс маман қалай таңдау керегін түсіндірді.

«Қазір ақпарат көп. Қазіргі заманда аутист балалар сынақ алаңына айналды. Қазір кез келген маман иесі бір апталық немесе бір айлық курс оқып, сертификат алып, өзінің қызметін ұсына береді. Сондықтан сертификатына емес, дипломына қараңыз. Оны жақсылап зерттеңіз. Ол бұрыннан сол мамандықты оқыған маман болсын. Бұрын нутрициолог немесе массажист болып, бір ай бұрын басқа мамандықты оқып келген мамандар күмән тудыруы керек», – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: