Сейсенбі, 26 қараша, 05:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Covid: Қауіп сейілген жоқ

08.11.2021

760 0

8 қарашада Қазақстанда барлығы 1031 адамның коронавирустық инфекция жұқтырғаны анықталды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 949630-ға жетті. Оның ішінде 15 адам Қызылорда облысында екенін айта кетейік. Бүгінде облыс бойынша инфекциялық стационарда – 173 науқас, реанимациялық төсек-орында 19 науқас емделіп жатыр.

Өткен жылдан бері коронавирус ин­фекциясымен Сыр өңірінде  19019 науқас тіркеліп, 18216-ы емделіп шықты. Соңғы мәлімет бойынша, 15 жағдай анықталып отыр.

Қазіргі кезде Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары жасыл аймақта. Ал сары аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысы бар. Сонымен қатар Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары әлі күнге дейін  қызыл аймақта тұр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: