Сенбі, 21 желтоқсан, 18:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дәрігерге үстемақы төленеді

15.02.2021

1579 0

2020 жылы өңірде наурыз-желтоқсан айларында коронавирус инфекциясымен күрескен 16035 медицина қызметкеріне 3 млрд теңге үстемақы есептеліп төленген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

– ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі №ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығына сәйкес, облыс бойынша Covid-19 инфекциясымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлерінің жалақысына үстемақы төленді. Коронавирусты жұқтырудың тәуекел топтары үш топқа бөлінеді. Соның ішінде бірінші топқа – 850 мың, екінші топқа – 425,0 мың және үшінші топқа – 212,5 мың төленді, – деді Сәбит Бексейітұлы.

Мәселен, өткен жылы шілдеде эпидемиологиялық ахуалдың күрт өзгеріп, індетті жұқтырғандар көптеп тіркелген кезеңде 3458 қызметкерге 947,6 млн теңге төленген. Сонымен қатар мобильді топ құрамындағы қызметкерлерге де үстемақы төленген.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 «Covid-19» коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 2 қосымшасының 9 тармағына сәйкес, Комиссия шешім қабылдаған кезде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды, денсаулық сақтау ұйымы мен оның жұмыскерлері жұмылдырылған Covid-19 вирусымен күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралардың сипатын назарға алады деп көрсетілген.

Қаулыға сәйкес қазіргі таңда облыс бойынша эпидемиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты 2021 қаңтар айында 26 медициналық ұйымның 1060 қызметкерлері тартылып, 152,7 млн теңге төленген. Оның ішінде қаңтар айында эпидемияға басым бөлігі сүзгі бөлімшелері мен мобильді топ қызметкерлері тартылған. Бұл ретте мобильді топ қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №444 «Covid-19» күдігі бар және онымен ауырған науқастарды бақылауды ұйымдастыру туралы» бұйрығы аясында қызмет еткен. Яғни, ағымдағы жылдың қаңтарында 54 мобильді топтың қызметкерлеріне 519,4 мың теңге төленген. Басқарма басшысының мәліметінше, бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаспақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: