Жексенбі, 11 қаңтар, 18:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2 (2214)
10.01.2026
PDF мұрағаты

Дәрігерге жала жапқан зейнеткер сотталды

11.01.2026

78 0

Фото: Pexels

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дәрігерге жала жапқан зейнеткерге қатысты сот ісі қаралды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Аудандық соттың мәліметінше, ауыл тұрғыны WhatsApp мессенджеріндегі топта Тарбағатай аудандық аурухананың бас дәрігерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқан.

Сот барысында әйел адам өз кінәсін мойындамады. Ал дәрігер айыпталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады.

— Сот жауапкерді ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оның зейнеткер екенін ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30 пайызға төмендетті. Нәтижесінде ауыл тұрғыны 495 432 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: