Бейсенбі, 13 қараша, 11:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Дәрігерлер салмағы 742 грамм сәбиді аман алып қалды

13.11.2025

55 0

Фото: Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығы

Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығының дәрігерлері дене салмағы небәрі 742 грамм болған нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Дәрігерлер мәліметінше, сәби 2025 жылдың 30 тамызында, жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген. Туылған сәтте оның жағдайы өте ауыр болған, сол себепті мамандар ұзақ әрі күрделі күтім процесін бастаған.

Бала 40 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, кейін 24 күн назальды СИПАП-терапия алған. Соңғы 10 күнде өздігінен дем алып жатыр. Қазір нәрестеге 74 күн толды, және ол енді аппараттық қолдауды қажет етпейді.

ГПЦ № 2 неонаталдық қызметі бойынша директордың орынбасары Айнұрым Сарбас мұндай жағдайлар ерекше кәсіби шеберлікті, төзімділікті және ұжымдық жұмысты талап ететінін айтты.

Әрбір грамм салмақ, әрбір тыныс – дәрігерлердің бірлескен еңбегінің және сәбидің өмірге деген ерік-жігерінің нәтижесі. Бұл жай ғана медициналық жұмыс емес, күн сайын өмір үшін жүретін күрес, – деді ол.

Сәбидің анасы дәрігерлер мен медбикелерге алғысын білдіріп, олардың қамқорлығы қиын сәттерде үлкен сүйеніш болғанын айтты.

№ 2 қалалық перинаталдық орталықтың мәліметінше, жыл басынан бері мұнда салмағы 1000 грамнан аз 43 сәби аман-есен өсіріліп, үйлеріне шығарылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: