Сәрсенбі, 27 қараша, 01:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Дәрігерлер тәжірибе алмасты

28.02.2024

452 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының эпидемиолог мамандары мен аймақтағы емдеу мекемелері дәрігерлерінің қатысуымен аса қауіпті аурулардың алдын алу мәселелері бойынша облыстық конференция өтті. Шара барысында Департаменттің эпидемиолог мамандары аса қауіпті инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық, эпизоотикалық ахуалын баяндап, аурушаңдықтың алдын алу бағытында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Күннің жылынуымен табиғатта белсенділігі арта түсетін кенелерді зерттеу жұмыстары, оларға қарсы қолайсыз аймақтарда жүргізілетін залалсыздандыру шаралары мен энтомолог мамандармен жүргізілетін барлау жұмыстары мен өзге де алдын алу шараларының дайындық барысы пысықталды.
Бұдан бөлек, аса қауіпті инфекциялық аурулар – күйдіргі, оба ауруларының өңірдегі эпидемиологиялық жағдайы, клиникасы мен диагностикасы туралы айтылды. Ауруларды ерте анықтау, өлім жағдайларын болдырмау бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланып, проблемалық мәселелер көтерілді, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Конференцияға қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, пайдалы ақпарат алды.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: