Жексенбі, 22 желтоқсан, 23:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дәрігерлердің жаңа әулеті

16.06.2023

474 0

Жақсы немесе жаман дәрігерлер болмайды, тек дәрігерлікті таңдаған жандар болады. Бүл Сыр елінің танымал травматологы, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Бауыржан Бекпановтың пікірі. Жоғары санатты хирург, Ауған соғысының ардагері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалында қызмет етеді.

Жас кезінен дәрігер болуды армандағанмын, – дейді Бауыржан Төлепбергенұлы. Бірақ медициналық институтқа түсу әрқашан оңай болған емес. Бірінші кезекте Ж. Жабаев атындағы 411 орта мектептің түлегі өзінің әскери интернациналдық борышын өтеуге шешім қабылдады. 1986-88 жылдары Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті қатарында, Ауғанстан Республикасының Лашкаргах қаласында, арнайы мақсаттағы бригаданың 22 әскери бөлімінде қызмет етті. Көрсеткен батылдығы мен батырлығы үшін мемлекеттік наградалармен, «Ауғанстан халқының ризашылық білдіргені», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен және көптеген марапаттарға ие болды.

Әскерде қызмет еткеннен кейін жауынгер-интернационалист Бауыржан Төлепбергенұлы Қызылорданың өнеркәсіптік ұйымдарында жүргізуші болып жұмыс істеді. 1990 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының дайындық курсына, одан кейін осы жоғары оқу орнына түсті. Аяқтағаннан кейін, 1997 жылы кәсіби еңбек жолын Қызылорда медициналық колледжінде оқытушы болып бастады. Кейінгі он жыл ішінде колледж директордың орынбасары болды.

Одан әрі 2007-2012 жылдары №1 қалалық емханада травматолог-хирург, 2012-2018 жылдары қалалық ауруханада травматолог-дәрігер, бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеді. Сол жылдары Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстары бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің штаттан тыс сарапшысы болды. Содан кейін бірнеше жыл №3 қалалық емхананың бөлімшелерінің бірін басқарды, қалалық әскери комиссариаттың медициналық комиссиясының төрағасы болды. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалында бас сарапшы болып жұмыс істейді.

Кәсіби дәрігердің еңбегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. 2014 жылы «Үздік тәуелсіз сарапшы» номинациясының иегері атанды.

 Бауыржан Төлепбергенұлының отбасында барлығы осы асыл және сұранысқа ие мамандыққа қатысты. Студенттік жылдары жұбайы Әлия Әбілдашевамен шаңырақ көтерді. Әлия Шазатқызы орталық қалалық емхананың кардиолог-дәрігері болып жұмыс істейді. Түнғышы Мақсұт – стомотолог, киелі Түркістан қаласының Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітірген соң,  стомотология кафедрасында қалып, студенттерге дәріс беруде және стомотологиялық емханада халыққа қызмет көрсетіп отыр. Отбасылы. Жары Айжан Қадырқызы да жалпы тәжірибелі дәрігер. Екеуі Әзима және Бақберген есімді ұл мен қыз тәрбиелеп отырған жас отбасы. Екінші ұлы Мағжан мен кенжесі Жасұлан С.Асфендяров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері.

Балалардың өздері дәрігер мамандығын тандағанын айта келе, еңбекке, білімге деген сүйіспеншілікті оятқан ата-анасын ерекше жылы лебізімен еске алады. Әкесі Төлепберген Бекпанов 30 жылдан астам Қызылорда теміржол депосының тепловоз машинисінің көмекшісі болып жұмыс істеді. Анасы Жазық темір жолының ОРС НОД-1 сауда саласында көпжылдар бойы қажырлы еңбек етті. Бекпановтардың көп балалы отбасында төрт ұл, төрт қыз бар.

Жоғары санатты хирург өзінің көп жылдық тәжірибесін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысында да қолданады. Облыстық филиалда тәжірибелі дәрігер Бақыт Исмаханбетовтың жетекшілігімен 35 маман жұмыс істейді. Қордың жүрегі – медициналық көмек көрсету сапасын бағалау және шарттық міндеттемелерді бақылау бөлімі, деп атап өтті Бауыржан Бекпанов. Мұнда 12 кәсіби дәрігер жұмыс істейді. Олар халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін қадағалайды. Бұл әрбір медицина қызметкерінің жұмыс принципі болуы тиіс, деп атап өтті Бауыржан Төлепбергенұлы. Басты міндет – деңсаулықты қорғау және сақтау!

Айгүл АХАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: