Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дәрігерлерге бір реттік 10 миллион теңге беріледі

05.10.2023

763 0

2024 жылы ауылға барып, жұмыс істегісі келетін дәрігерлерге бір рет 10 миллион теңге беріледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Қазіргі таңда елді мекендерге мыңнан аса дәрігер жетіспейді. Мамандарды ауылдарға тартып, әлеуметтік қолдау көрсету үшін бір рет 10 миллион теңге беру керек деген ұсынысты қолдап отырмыз. Бұл AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында жазылған. Енді өңірлерге «сіздерге қанша дәрігер керек, қанша қаражат бөлу қажет» деп ақылдасып, жұмыс істеп жатырмыз», – деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ажар Ғинияттың пікірінше, қаржылай қолдау ауылда жұмыс істегісі келетін барлық маманға берілуі керек.

«Біз барлық маманға қаржылай қолдау көрсетілуі керек деп санаймыз. Бірақ AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында тек оқуын енді бітірген жас мамандарға қолдау көрсету керек деп жазылған», – деді ол.

Министр келесі жылы бұл бастама іске асырыла бастайтынын мәлімдеді.

«Қаржы министрлігі қолдаса, келесі жылдан бастап бұл бастама іске асады. Бүгінде ауылға мыңнан аса дәрігер жетіспейді деп айттым. Елді мекендерге шамамен 600 дәрігер (баруы мүмкін – еск.). Мұндай деректі бізге облыстардағы денсаулық сақтау басқармасы берді», – деді Ажар Ғиният.

Ақпарат дереккөзі:massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: