Сәрсенбі, 19 қараша, 12:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Дәріханаларда вирусқа қарсы дәрілер жеткілікті болуы керек – Олжас Бектенов

19.11.2025

37 0

Фото: - архив

Олжас Бектенов вирустық аурулар маусымында көмекке жүгінген азаматтарға медициналық қызмет көрсету сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкімет отырысында Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге медициналық қызметтің сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Көріп отырғанымыздай, вирустық аурулардың маусымы басталды. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, көмекке жүгінген азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын бақылауға алуды тапсырамын,- деп атап өтті премьер-министр.

Олжас Бектенов қажет болған жағдайда стационарларда қосымша орындар ашып, жылжымалы мобильді бригадалар жұмысын ұйымдастыруға дайын болу қажеттігін атап өтті.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Дәріханалардың барлығында вирусқа қарсы препараттар қажетті мөлшерде болуы тиіс.

Сондай-ақ вирустық аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.

Бақылау денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға жүктелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: