Жексенбі, 24 қараша, 15:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«DAMUMED»: Медициналық қызметке жедел қолжетімділік

09.04.2022

1348 0

Кешенді медициналық ақпараттық жүйе  Damumed  – медицина саласына енгізілген тың технологиялық даму жолы. Бүгінде аймақтағы 107 медициналық ұйым КМАЖ «Damumed» жүйесіне қосылған. Оның ішінде 16 мемлекеттік және 5 жеке медициналық ұйымдар PACS жүйесіне қосылып, қарқынды жұмыс жасауда.

PACS – технологиялық ақпараттандырудың жаңа саласы. Себебі осы арқылы медициналық ұйымның жұмыс сапасын сырттан бақылап мониторинг жасауға болады. Сондай-ақ аудиттік бақылау жасайды. Қазіргі кезде сәулемен зерттеу саласында мекемелер ішінде 17 флюоро – рентген, 5 маммография, 3 КТ, 2 МРТ және 1 УДЗ аппараты PACS жүйесіне қосылған. Сонымен қатар рентгенолог мамандардың облыс деңгейінде тәжірибе , бірлесіп жұмыс істеуіне үлесін қосып отыр. Мәселен флюорографиялық зерттеуді «Екі оқылуда» тез әрі уақыт үнемделуде.

Дәрігерлер науқастың аспаптық – зертханалық сараптамасын уақыт күттірмей қай медициналық ұйымда тексеруден өткенін дер кезінде анықтай алады. Айта кету керек, аталған жүйе арқылы аудан мен ауылдағы медициналық ұйымдардың мамандары облыс орталығымен тығыз байланысса.

Қазіргі кезде кешенді медициналық ақпараттық жүйе тиімділігін дәрігерлер айтарлықтай сезінуде. Осы жүйе Республика көлемінде тұтастай қосылып жұмыс жасаса медициналық қызметкерлер мен жалпы жұмыс сапасының деңгейін арттыруға зор мүмкіндік туады.

Жазира  ЖОЛБОСЫНОВА,

рентгенолог дәрігер

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: