Жұма, 07 қараша, 12:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

ДЦП диагнозы бар балалар мен созылмалы ауруы бар ересектер тегін медициналық көмек алады

07.11.2025

50 0

Фото: gov.kz

Қазақстанда церебральды сал ауруы және басқа аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмектеің кепілдігі сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Денсаулық сақтау министрлігі жаңартылған медициналық көмек пакетінде тегін медициналық көмек пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің барлық кепілдіктері сақталатынын хабарлайды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Медициналық кепілдіктердің бірыңғай пакетіне көшеді. Созылмалы аурулары бар барлық пациенттер емдеуді және дәрі-дәрмектерді бұрынғы көлемде қабылдауды жалғастырады. Өзгерістер денсаулық сақтау жүйесін әділ, тұрақты және барлығына қолжетімді етуге бағытталған, – деп жазылған ДСМ хабарламасында. 

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 14 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

Заң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің тиімділігін арттыруға және халықты медициналық көмекпен барынша қамтуға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлерге азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын (D және Е санаттары) сақтандыруға мүмкіндік беретін қаржылық тетіктерді көздейтін нормалар алғаш рет енгізілуде. Бұл қосымша 1 млн-нан астам азаматтың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекет, бұрынғыдай, азаматтардың барлық жеңілдетілген санаттарына, соның ішінде балаларға, жүкті әйелдерге, зейнеткерлерге, студенттерге, мүгедектігі бар адамдарға және жұмыссыздарға қатысты өз кепілдіктерін сақтайды. Бұл жалпы алғанда 11 миллионнан астам қазақстандық, оның ішінде ДЦП диагнозы бар барлық пациенттерге қатысты, – делінген хабарламада. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: