Сәрсенбі, 03 желтоқсан, 10:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

ДДСҰ әлемде қызылша ауруының қайта өршігенін ескертті

03.12.2025

42 0

Фото: freepik

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жаңа есебінде әлем қызылшаның қайта өршгені айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ

ДДСҰ дерегінше, 2000-2024 жылдары вакцинацияның арқасында қызылшадан болатын өлім 88% төмендеп, шамамен 58 млн адамның өмірі құтқарылды. Алайда соңғы жылдары вирус қайта жылдам таралып жатыр. 2023 жылы 59 елде қызылша жағдайлары тіркелді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда үш есе көп. Ауру тіпті Канада мен АҚШ секілді бұрын түбімен жойылған елдерде де қайта анықталған.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қызылшаны «әлемдегі ең жұқпалы вирус» деп атады. Оның айтуынша, вирус иммундаудағы кез келген олқылықты пайдаланады.

2024 жылы әлем бойынша 30 млн-нан астам бала қызылшаға қарсы жеткілікті қорғалмаған. Балалардың тек 84%-ы алғашқы дозаны алған, ал толық иммунитет үшін қажет екінші дозаны небәрі 76% бала алған.

ДДСҰ вакцинациямен қамтудың төмендеуін пандемия әсері, жалған ақпараттың таралуы және қаржыландырудың қысқаруымен байланыстырады. Ұйым халықаралық денсаулық сақтау бағдарламаларын қысқарту қызылша жағдайларының одан әрі артуына әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: