Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ДДСҰ басшысы COVID-19 пандемиясы аяқталатын уақытты атады

23.12.2021

1084 0

Келер 2022 жылы COVID-19 пандемиясы аяқталуы керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

«Екі жыл өткендіктен, вирус жайлы көп ақпарат білеміз. Сондықтан әлі де үміт бар. Осы себепті өз мәлімдемемде пандемияны 2022 жылы аяқтауымыз керек екенін айттым», – деді ол брифинг барысында. 

ДДСҰ басшысының сөзінше, қазір қолда бар тиімді препараттарды қолдану қажет. Бұған вакциналар мен өзге де вирустан сақтану шаралары жатады. 

Сонымен қатар ұйымның төтенше жағдайлар бойынша бағдарлама басшысы Майкл Райан пандемияның аяқталуына әлі де ерте екенін, бірақ вирусты жеңетін құралдардың бар екенін айтқан. 

«Пандемия әлі аяқталмайды, бұған жақындаған да жоқпыз. Алайда ғылымның арқасында біздің қолымызда күшті препараттар бар. Вирус жұқтыру кезінде не істеу керегін білеміз. Дегенмен барлық елдерде пандемияны жеңуге арналған бағдарлама жоқ», – деді Майкл Райан. 

Брифинг барысында ДДСҰ төтенше жұқпалы аурулар бойынша техникалық топ басшысы Мария Ван Керкхове вирустың мутациялануы әлі де жалғасатынын, уақыт өте маусымдық ауруға айналуы мүмкін екенін жеткізді. 

«Сұрақ вирустың эндемикалық болып өзгеруінде. Сөзсіз, қазір сол бағытта келеді. Бірақ эндемикалық дегеніміз қауіпсіз дегенді білдірмейді. Эндемикалық вирустың таралу деңгейі төмен, георграфиялық тұрғыдан шектелген. Менің ойымша, біз осы бағытта келе жатырмыз. Алайда қазір пандемияның ортасындамыз, сондықтан эндемикалық жағдайға өте алмаймыз. Менің ойымша, бізді ұзақ жол күтіп тұр», – деді Ван Керкхове.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: