Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 19:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

ДДҰ өкілі COVID-19-дың жаңа толқыны туралы хабарлады

20.07.2022

564 0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге коронавирустың омикрон штаммының кіші нұсқаларынан туындаған COVID-19-дың жаңа толқыны туралы хабарлады. Ол Еуропа елдерін вакцинация мен бетперде тағуға қатысты жедел шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДҰ өкілінің айтуынша, соңғы алты аптада Еуропа өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының саны үш есе өсті. Ал өткен аптада 3 миллионға жуық жаңа жағдай тіркелді, бұл әлемдегі барлық жаңа инфекциялардың жартысына жуығын құрайды. Клюге суық ауа райы жақындаған сайын коронавирус қарқынды таралатындығын айтты.

«Бүгін ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы инфекцияның алдағы толқындарына дайындалуға көмектесу үшін коронавирус және басқа да тыныс алу вирустарымен күресудің күзгі-қысқы стратегиясын жариялады. Әрекет ету үшін күздің келуін күтсек, тым кеш болады», деді бюро директоры. Стратегия, атап айтқанда, халықты вакцинациямен қамтуды ұлғайтуды, үй-жайларда және қоғамдық көлікте бетперде тағуға ынталандыруды, жабық үй-жайлардың желдетілуін күшейтуді көздейді», деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: