Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Денсаулық сақтау министрі елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады

16.03.2021

1315 0

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

«Коронавирустық инфекцияны қоспағанда, жұқпалы аурушаңдық бойынша эпидемиологиялық ахуал тұтастай алғанда Қазақстан Республикасында тұрақты болып қалады. 64 жұқпалы аурудың мониторингі жүргізілуде, 2020 жылдың аяғында 42 инфекцияның деңгейі азайды», – деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, биыл оба, тырысқақ, іш сүзегі, құтыру, туляремия, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, дифтерия, сіреспе, қызамық, қызылша, сібір жарасы, безгек ауруымен адам аурулары тіркелген жоқ.

«Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45 инфекциялық аурудың төмендеуі байқалды», – деп қорытындылады министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: