Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирустың қандай түрлері таралғанын айтты

30.03.2021

1760 0

Қазақстанда «Британиялық», «Оңтүстік Африкалық», «Бразилиялық» штамға тән ықтимал мутация анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп Covid-19 штамдарын анықтайтын экспресс ПТР-скринингтің жаңа әдісі енгізілді. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы КВИ анықталған науқастардан алынған зертханалық үлгілерді зерделеді.

«Зерттеу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысынан өзге өңірлерде «Британиялық», «Оңтүстікафрикалық», «Бразилиялық» штаммға тән ықтимал мутация анықталды. Алматы қаласында науқастардан алынған ДНК-ның секвенирлеу нәтижесі бойынша «Британиялық» және «Оңтүстік Африка» штамының айналымы белгіленген, олар жоғары контагиозностьюмен ерекшеленеді, бұл инфекцияның кеңінен таралуына әсер етуі мүмкін», – деді Цой.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша вирустың ықтимал мутациясы адамдардың індетті жұқтыру жиілігіне қарай артады.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 30 наурыздағы деректері бойынша «Британиялық штамм» SARS-CoV-2 125 елде, «Оңтүстік Африка» 75 елде, ал «Бразилиялық» 41 елде анықталды. Коронавирустың жаңа штамдары мен алғашқы штамның белгілері бірдей – дене температурасы көтеріледі, жөтел және адам дәм мен иіс сезбей қалады», – деді ол. 

Оның айтуынша, жаңа вирус көп тараған елдердің тәжірибесіне қарағанда, әлеуметтік ара қашықтық сақтау нәтижесінде және денсаулық сақтау ұйымдарында инфекцияның алдын-алу және бақылау шараларын қолдану арқылы  COVID-19 ауруы төмендеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: