Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы бұйрығымен Қазақстан Республикасында балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Балаларға паллиативтік медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, ТМККК-дан тыс паллиативтік медициналық көмек шарт бойынша ақылы негізде, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру және республика заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер бойынша жүзеге асырылады.
Паллиативтік медициналық көмекке мұқтаж пациенттер (балалар) негізгі ауру бойынша дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен, сондай-ақ ауырсыну мен азапты жеңілдету үшін дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі.
Құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың тағайындалуы бір реттік дозасын, қабылдау (енгізу) әдісі мен еселігін, емдеу курсының ұзақтығын көрсете отырып, медициналық есепке алу нысандарында тіркеледі.
Елді мекенде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар дәріханалар болмаған кезде амбулаториялық жағдайларда пациенттерді қамтамасыз ету есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензиясы бар медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылатыны көрсетіледі.
Паллиативтік медициналық көмекті меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдары:
- аудандық, қалалық, облыстық деңгейлерде стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында паллиативтік көмек көрсету үшін бейінді бөлімшеде орналасқан паллиативтік төсектерде;
- қалалық және облыстық деңгейлерде стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында орналасқан паллиативтік бөлімшеде жүзеге асырады.
Амбулаториялық және үй жағдайларында паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін аудандық және қалалық деңгейлердегі емханалар құрылымында, сондай-ақ хоспистерде құрамында отбасылық дәрігер және (немесе) бейінді маман, МСАК орта медицина қызметкері бар мобильдік бригадалар құрылады.
Балалар халқына паллиативтік көмек балалар халқына паллиативтік көмек көрсететін ұйымдардың құрылымында орналасқан паллиативтік төсектерде жүзеге асырылады (хоспис).
Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары:
- балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және көрсету;
- пациенттің (балалардың) өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде аурудың ауыр көріністерін болдырмау, жеңілдету немесе жою, аурудың асқынуларының профилактикасы мен емдеу, мейіргерлік күтім, психологиялық және әлеуметтік қолдау;
- паллиативтік медициналық көмекке мұқтаждарды анықтау және паллиативтік медициналық көмекті көрсетуге көрсетілімдерді айқындау үшін мультипәндік топтың отырысында қарау;
- қажеттіліктердің кең спектрін (клиникалық, жастық, психологиялық, әлеуметтік, рухани, коммуникативтік, білім беру, отбасылық) ескере отырып, мультипәндік тәсіл негізінде пациентке паллиативтік медициналық көмекті жеке жоспарлау, сондай-ақ бала мен отбасының өзгеріп отыратын қажеттіліктерін ескере отырып, жеке көмек жоспарын ұдайы қайта қарау;
- денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және білім беру ұйымдары, олардың құрылымдық бөлімшелері арасындағы сабақтастықты сақтау;
- қажетті дәрілік заттармен, емдік және арнайы тамақпен, медициналық бұйымдармен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету;
- отбасы мүшелерін немесе баланың заңды өкілдерін үй жағдайында күтуге үйрету;
- медициналық-әлеуметтік қарап-тексеруді ұйымдастыру және өткізу, әлеуметтік мәселелер бойынша консультация беру;
- пациенттің отбасы мүшелеріне немесе баланың заңды өкілдеріне психологиялық және әлеуметтік-құқықтық консультация беруді ұйымдастыру;
- балаларға поллиативтік медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қоғамды және медициналық қоғамдастықты хабардар ету;
- паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша коммерциялық емес және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл болып табылады.
Паллиативтік медициналық көмек симптоматика терапиясын, психологиялық және әлеуметтік қолдауды және ұзақ мерзімді бөгде адамның күтімін қажет ететін негізгі аурудың жай-күйі мен болжамының ауырлығын ескере отырып, емделмейтін аурулары немесе өмір сүру ұзақтығын қысқартатын жағдайлары бар балаларға көрсетіледі.
Балаларға паллиативтік медициналық көмек диагнозына байланысты аурудың ауырлығы мен өршуін ескере отырып, аурудың бүкіл кезеңіне көрсетіледі.
Балаларға паллиативтік көмек көрсету көрсетілімдерін мультипәндік топ (МПТ) айқындайды, оның құрамына:
- медициналық ұйым басшысының орынбасары;
- аурудың бейініне байланысты бейінді маман (амбулаториялық жағдайларда пациенттің ауруының бейінін ескере отырып, бейінді маман тартылады, ал стационарлық жағдайларда емдеуші дәрігер мен бөлімше меңгерушісі тартылады);
- отбасылық дәрігер (амбулаториялық жағдайда педиатр дәрігер, ол болмаған жағдайда жалпы практика дәрігері тартылады);
- паллиативтік көмек бойынша бас маманы (балалар) (өңірлік және (немесе) ҚР ДСМ) кіреді.
МПТ отырыстарында нозологиялар және өмір сүру ұзақтығын қысқартатын немесе өмірге қауіп төндіретін аурулардың немесе жағдайлардың санаттары бөлінісінде паллиативтік көмек көрсету үшін медициналық айғақтарды айқындай отырып, баланың жай-күйін бағалау жүргізіледі, онда баланың паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін медициналық айғақтары болады.
Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін айғақтардың болуы немесе болмауы туралы медициналық қорытынды бере отырып, мдг баланың жай-күйін бағалау бейінді маманның немесе отбасылық дәрігердің жолдамасы бойынша баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері жүгінген сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
МПТ медициналық қорытындысы бір реттік және шын мәнінде 18 жасқа дейін немесе баланың жағдайы жақсарғанға дейін беріледі.
Бұйрық 2026 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
