Сейсенбі, 23 желтоқсан, 18:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Денсаулық сақтау министрлігі «Kinder» өнімдері жайлы тараған ақпаратқа түсініктеме берді

23.12.2025

45 0

Сурет: pexels

2025 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (СЭБК) Kinder өнімдеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Kinder өнімдерінің құрамында қауіпті заттар бар деген ақпарат таралуда.

«Аталған мәліметтер ескірген және 2016 жылға қатысты. Бұл мәселе бойынша сол кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың құзырлы органдары тиісті тексерулер жүргізген, алайда қандай да бір заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Қазіргі таңда тұрғындардан шағымдар мен өтініштер тіркелмеген. Азаматтарды тек ресми әрі тексерілген ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», – деп мәлімдеді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсету стандарты бекітілгенін хабарлаған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: