Жексенбі, 24 қараша, 20:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Денсаулық сақтау саласында жаңа басшы

27.03.2023

509 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында жаңа басқарма басшысын таныстырды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі негізінде облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Искаков Олжас Ермекұлы тағайындалды.

– Олжас Ермекұлы – қызметте сатылап өскен білікті маман. Аймақтың денсаулық сақтау саласымен жақсы таныс, өзекті мәселелердің оңтайлы шешімін табуға әлеуеті жеткілікті, білікті кадр. Президентіміздің денсаулық сақтау саласындағы нақты тапсырмаларын орындау, халықтың әл-ауқатын көтеру аса маңызды. Бұл ретте, жауапкершілік жүгі ауыр саладағы жұмысына сәттілік тілеп, облысымыздың денсаулық сақтау саласын тың бастамалар мен жаңа жетістіктерге жетелейді деп сенім артамыз»,– деді аймақ басшысы.

Жоғары санатты хирург, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі Абдулла Шүленбаев әріптесін жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Олжас Искаков 1988 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі», Қарағанды университетін «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандықтары бойынша бітірген. Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент магистрі. Бүгінгі күні Алматы менеджмент университетінде докторантура бойынша өз білімін жетілдіруде.

Еңбек жолын 2013 жылы № 3 қалалық емханада учаскелік дәрігер болып бастап, 2018 жылға дейін осы емханада бөлімше меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2018-2021 жылдар аралығында Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2021 жылдан осы кезге дейін Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарып келді. Облыстың бас дәрігерінің алдағы атқарар жұмысына сәттілік тілейміз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: