«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы №ҚР ДСМ-186/2020 бұйрығына бірқатар өзгерістер енгізілді.
Мақсаты – медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, медициналық көмектің нарығын дамыту және медициналық қызметтерді жеткізушілерді бәсекелестікке ынталандыру. Бұл туралы аймақтың медициналық ұйымдарымен zoom-конференция барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады.
Бақыт Торғайбайұлы елімізде медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, медициналық ұйымдардың қызметін бағалауға, пациенттердің сенім деңгейін арттыруға бағытталған реформалар белсенді түрде енгізіліп жатқанын атап өтті. Денсаулық сақтау жүйесінде жаңа бағыттарды іске асыру медициналық ұйымдардың өз жұмысын жақсартуға дайындығына және бәсекеге қабілеттілігіне байланысты.
Денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларындағы негізгі өзгерістер туралы Қор филиалының медициналық көмекті сатып алу және ақы төлеу бөлімінің басшысы Асқар Рахышов хабарлады.
Спикердің айтуынша, денсаулық сақтау субъектісі Денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу веб-порталында өтінім берген кезде әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры үш жұмыс күні ішінде медициналық қызметке лицензиясы болған, банкроттық немесе тарату рәсіміне қатысы жоқ және Қызметті тоқтата тұруға байланысты шектеулер болмаған кезде немесе қызметтерді сатып алу шарты болған жағдайда денсаулық сақтау субъектісін өнім берушілер тізіліміне қосады.
Бұдан әрі Асқар Рахышов денсаулық сақтау басқармасы бұйрыққа сәйкес жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін Денсаулық сақтау субъектілерінің ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда төсек бейіндері бөлінісінде төсек қорын анықтау туралы бұйрық шығаратынын атап өтті. Осы бұйрық Қорға және «С.Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК филиалдарына жіберіледі және Қор мен денсаулық сақтау басқармасының интернет-ресурстарына орналастырылады.
Бұдан басқа, денсаулық сақтау басқармасы жыл сайын 1-15 қазан аралығында деректер базасына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері бойынша мониторингті жүзеге асырады.
Қызылорда облысында 200-ге жуық медициналық ұйым медициналық қызмет көрсетеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 112 медициналық ұйым шарт жасасты, оның 81 – і (72,3%) – жеке.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!