Сәрсенбі, 11 ақпан, 12:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

Дерматомикоз аурушаңдығы төмендеді

11.02.2026

39 0

Дерматомикоз – бұл адамдар мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін дерматофит саңырауқұлақтары тудыратын аурулар тобы.
Аурудың бұл түрімен ересек адамдар да, балалар да ауырады. Инфекция науқас адаммен, жануармен тікелей немесе жанама байланыста болғанда, қол алысу, жеке заттар (киім, аяқкиім, тарақ, сүлгілер және т.б.), ортақ заттар (кітаптар, қаламдар, жиһаздар, ойыншықтар және т.б.) арқылы берілуі мүмкін.
Ауру алдымен терінің бұзылуы, тырнақтың сынуы, бастың шаш орналасқан бөлігінің тақырлануы түрінде байқалады. Шаштың түсуі көбіне жас бүлдіршіндерде кездеседі. Тегіс теріде дөңгелектенген айқын шекарасы бар, шеті көтерілген қабыну дақтары пайда болады. Зақымданған ошақтың ортасында құрғақтанған қабыршықтар, бөртпелер болуы мүмкін. Аурудың инкубациялық кезеңі 1 аптадан 1 айға дейін жалғасады.
Дерматомикоз халық арасында кең таралған. Науқастың көбі өз ауруына мән бермейді, басқаның денсаулығына қауіп төндіре отырып, моншаға, бассейнге, спорт залға, шаштаразға барады. Осы тұста коммуалдық және сауықтыру мекемелерінің қызметкерлері келушілердің арасында инфекцияның таралу қаупін болдырмайтын қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға тиіс.
Қызылорда облысында аурудың эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. 2025 жылы 315 дерек анықталып, 2024 жылмен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 46,5%-ға төмендеген. Тіркелген аурудың 94 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары дерматомикоздың алдын алу бойынша келесі іс-шараларды ұсынады:

  • жеке гигиена ережелерін сақтау;
  • азық-түлікті тек арнайы рұқсат етілген, санитариялық талаптары сақталған орындардан сатып алу;
  • етті міндетті түрде термиялық өңдеуден мұқият өткізу;
  • көкөністер мен аскөктерді мұқият жуу;
  • үй жануарларын күтіп-баптау кезінде гигиеналық талаптарды сақтау;
  • балалардың иесіз кезбе ит-мысықтармен байланысын болдырмау және оның қауіптілігі жөнінде жиі ескерту.
    Дерматомикоздың алғашқы белгілері байқалған кезде тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет.

Г. Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: