Жұма, 07 ақпан, 14:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

Дерматомикоз көрсеткіштері төмендеді

07.02.2025

8 0

Сурет:vkitae.kz

Дерматомикоз – бұл адамдар мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін дерматофит саңырауқұлақтары тудыратын ауру.
Сырқаттың бұл түрімен ересек адамдар да, балалар да ауырады. Инфекция көзі – ауру адамдар, үй жануарлары және жабайы кеміргіштер. Ауру алдымен терінің бұзылуы (қабыршақтану), тырнақтың сынуы, бастың шаш орналасқан бөлігінің тақырлануы түрінде байқалады. Шаштың түсуі көбіне жас бүлдіршіндерде кездеседі.
Қызылорда облысында жыл басынан бері дерматомикоз ауруының 54 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 26,7%-ға төмен. Тіркелген аурудың 99,5% пайызы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті дерматомикоздың алдын алу бойынша келесі іс-шараларды сақтауды еске салады:

  • жеке гигиена ережелерін сақтау;
  • азық-түлікті тек рұқсат етілген орындардан сатып алу;
  • етті міндетті түрде термиялық өңдеуден мұқият өткізу;
  • көкөністер мен аскөктерді жуу;
  • үй жануарларын күтіп-баптау кезінде гигиеналық талаптарды сақтау;
  • үй жануарларынан ауру белгілері анықталғанда ветеринарға жүгіну;
  • балалардың иесіз кезбе ит-мысықтармен байланысын болдырмау;
  • душ, бассейіннен кейін, спорттық шешінетін бөлмеде аяқты әбден құрғатып сүрту қажет;
  • қоғамдық орындарда, жағажайларда жалаң аяқ жүрмеңіз;
  • бөтен адамның аяқ кимін кимеңіз;
  • өз орамалыңызбен немесе киміңізді басқа адамның қолдануына рұқсат бермеңіз.
    Дерматомикоздың алғашқы белгілері – аяқ-қол тырнақтарының пластинкаларындағы патологиялық өзгерістер, теріде қызарған дақтар, бөртпелер пайда болу, дененің қышуы, ашуы пайда болған жағдайда тез арада дәрігер көмегіне жүгіну қажет.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: