Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ -336/2020 бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 1-ші шілдесінен бастап дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін лицензиялау енгізілді. «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін өңірімізде Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көрсетеді.
Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия алу үшін дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы №3 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтінішті www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін бере алады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне бірқатар біліктілік талаптары бекітілген. Атап айтқанда:
- штатта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық, бейіндегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар,денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша білім және ғылым ұйымдарында не «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10)-тармақшасына сәйкес қалыптасатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік өзін-өзі реттеу ұйымдарында сертификациялық курстан өткен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дәрігер(лер)інің немесе маман(дар)ының, нұсқаушы-дезинфектор(лар)дың болуы;
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес келетін, меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайлардың (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау үшін арнайы жабдықталған), дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісінің(лерінің) болуы;
– ең аз материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы:
* шашырату және бүрку жабдығы;
* дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығы;
* жеке қорғаныш құралдары (костюмдер, қолғаптар, бас киімдер, респираторлар);
* Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары және (немесе) препараттары.
– Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарымен және (немесе) препараттарымен улану кезінде дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарымен және (немесе) препараттарымен жұмысқа тартылатын мамандар (нұсқаушы-дезинфектор, дезинфектор) әр 5 (бес) жыл сайын дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан өтеді және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша нұсқамадан өтеді.
Аталған біліктілік талаптары сәйкес болған жағдайда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия алуға болатындығын түсіндіреміз.
Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!