Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Диализдің орнына донор бүйрек: МӘМС ақшасы қайда кетеді?

15.01.2024

489 0

Қызылорда облысының 600-ге жуық тұрғыны бүйрек жеткіліксіздігімен диспансерлік есепте тұр. 200-ге жуық адам демеуші терапия – гемодиализ бағдарламасында. Бұл қандай әдіс, қанша тұрады және мұндай осы диагнозбен ауыратын науқастарды емдеудің балама түрі бар ма?

 Осы сұрақтарға өз сұхбатында көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігері Жасұлан Баймаханов жауап берді.

– Жасұлан Болатбекұлы, бүгінде бүйрек жеткіліксіздігінің салдары қандай және осы диагнозбен ауыратын науқастарға қандай медициналық көмек көрсетілуде?

 – Бүйрек жеткіліксіздігі бүкіл ағзаның жұмысына әсер етеді. Қанның құрамы өзгереді, нәтижесінде қан аздық және қан кету бұзылыстары пайда болады. Жүректің және қан тамырларының дисфункциясы, бұл гипертония мен жүрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Асқорыту, жүйке және иммундық жүйелерде бұзылулар орын алады, тірек-қимыл аппаратына әсер етеді. Нәтижесінде науқас – іріңді-септикалық процестер, ішкі қан кету секілді өмірге қауіп төндіретін жағдайларға тап болуы мүмкін. Барлық осы жағымсыз салдардың алдын алу үшін емделушілер гемодиализ бағдарламасына жіберіледі. Бұл бүйректен тыс қанды тазарту әдісі, оның барысында улы метаболикалық өнімдер ағзадан шығарылады, су мен электролит балансының бұзылуы қалыпқа келтіріледі. Бүгінде аймақта 200-ге жуық адам гемодиализде. Айта кету керек, бұл арзан ем шара емес.

– Оның құны қанша және емделушілерге қаншалықты тиімді?

– Пациенттер ештеңе төлемейді, емделу ақысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленеді. Басты міндет – «сақтандырылған» мәртебесі болуы қажет. Бірақ оның құны гемодиализдің өзінен әлдеқайда төмен. Жыл сайын әр пациентке шамамен 6 миллион теңге қарастырылған. Бұл әр емделушінің өзінің отбасылық бюджетінен бөле алмайтын орасан зор қаражат. Ем-шара өмірлік екенін ескерсек, бұл қолжетімсіз шығындар.

Гемодиализге балама бар ма?

– Иә, донорлық бүйрек трансплантациясы. Облысымызда мұндай алғашқы ота 2014 жылы жасалған болатын. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбеден кейін Қызылорда облысы республика бойынша мұндай оталарды жүргізетін бесінші өңір болды. Қазір облыста ағзасы ауыстырылған 85 адам тұрады. Трансплантациялау оталары А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында жасалды. Енді көптеген шеберлік сабақтарын аяқтаған тәжірибелі мамандарымыз мұндай оталарды өз бетінше жасайтын болады. Өткен жылдың соңында Қызылорда қаласының 25 жастағы тұрғыны Дастан Мамытқа отаны сәтті жасадық. Науқас үш жыл бойы жасанды бүйрек аппаратына тәуелді болды. Донор оның ағасы, 39 жастағы Омар Мамытов. Трансплантация тек жақын туыстар арасында жүргізіледі. Бүгінгі таңда реципиент пен донордың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Отаны медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер Болатбек Баймаханов пен көпсалалы облыстық аурухананың трансплантолог дәрігерлері жасады.

– Ота тегін бе?

– Науқас үшін, иә. Бірақ қаржыландыру міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы келеді. Құны гемодиализдікіне ұқсас, 6 миллион теңге. Бірақ хирургия, гемодиализден айырмашылығы, емделушілердің өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.

– Отаға науқастарды қандай негізінде таңдайсыз?

– Алдын ала комиссия құрылады, оның ішінде заңгерлер де бар. Науқасты, донорды мұқият медициналық тексеруден өткізгеннен кейін және барлық тәуекелдерді талдаудан кейін мұндай отаны жасауға рұқсат беріледі. Бұл күндері доноры бар тағы 2 науқас дайындалуда. Және жоғарыда атап өткенімдей, біз отаға мұқият дайындаламыз!

-Бүйрек трансплантациясынан кейін өмір сүру деңгейі қандай болады?

 -Науқас дәрігердің барлық ұсыныстарын орындап, салауатты өмір салтын ұстанатын болса, асқыну қаупі аз болады. Бір бүйрегі бар донор да, реципиент те толыққанды өмір сүре алады. Отадан кейін мұндай науқастардың өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай артады. Пациенттің ең кішісі үш айлық, ең үлкені 60 жаста. Қазірдің өзінде трансплантациялау отасынан өткен адамдардың тұтас топтары бар. Олар отбасын құрады, жұмыс істейді және, былайша айтқанда, толыққанды өмір сүреді.

-Сөз соңында осы мүмкіндіктер үшін алғыс айтқым келеді. Гемодиализдің қажеті болмас үшін, жылдар бойы осындай оталар көбейе берсін. Сұхбатыңызға рақмет!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: