Дәрігер-диетолог Елена Тихомирова кімге тамақтану кезінде су ішуге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігердің сөзінше, егер денсаулықта ешқандай ақау болмаса, суды кез келген уақытта іше беруге болады. Дерт болмаса, ас қорыту жүйесі ауыртпалықпен күресіп, тамақты сумен де, сусыз да қорытады.
Алайда гастрит, панкреатит, холецистит немесе асқазан жарасы асқынған адамдарға тамақтану кезінде су ішуге болмайды.
Дәрігердің айтуынша, бұл кезде айрықша диета керек. Ал диета ұстап жүрген адамға суды тамақтан бөлек ішкен жөн.
Терапевт Елена Черненко тамақтану кезінде су ішуге болатынын атап өтті. Дегенмен көп ішуге де болмайды. Су ас қорытуға көмектеседі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!