Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы марбург вирусының таралуына алаңдаулы

07.10.2024

615 0

Фото: ДДСҰ

Қыркүйекте Руандада Марбург вирусы өршіді. Салдарынан 10 адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сарапшылар вирус Африкадан тыс жерге таралады деп алаңдайды.

Марбург – Эболаға ұқсас геморрагиялық қызбаны тудыратын вирус. Алғаш рет 1967 жылы Германия мен Югославияда, Угандадан келген маймылдармен жұмыс істейтін ғалымдар арасында табылды. Инфекция көзі – жарқанаттар.

Негізгі белгілері – дене қызуы, қатты бас ауруы, қан кету және ішкі органдардың дисфункциясы жатады. Өлім-жітім деңгейі 24-тен 88%-ға дейін болады. Қазіргі уақытта Марбург вирусына қарсы арнайы ем немесе вакцина жоқ.

2020 жылдардың басынан бастап Экваторлық Гвинея және Танзания сияқты Африка елдері вирустың жаңа ошағы саналады. 2023 жылдың ақпанында Экваторлық Гвинея өз аумағында алғашқы жағдайлар туралы хабарлады. Ауру көрші елдерге тарады. ДДСҰ мәліметтері бойынша, Руандада 2024 жылы 10 өлімді тіркелді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Марбург вирусының жаһандық таралу қаупі барын айтты. Егер вирус тарай берсе, әлем COVID-19 немесе Эбола сияқты жаңа эпидемияға тап болуы мүмкін. 

Сарапшылар вирус тіркелген аймақтарға бармауды ұсынады. Жеке гигиенаны сақтау маңызды, әсіресе жануарлармен немесе инфекция белгілері бар адамдармен байланыста болған кезде сақ болу керек. 

Ресей ғылым академиясының Орал филиалы иммунология және физиология институтының ғалымы Михаил Болков ТМД елдерінде марбург тарамайды дейді. Себебі вирусты ТМД елдерінде кездеспейтін тропикалық жарқанаттар таратады. Микробиолог Сергей Нетесовтің сөзінше, инфекцияны ТМД аумағына енгізу үшін Руандаға барып ауру адаммен тығыз қарым-қатынаста болу керек, немесе вирусты шприц арқылы немесе жыныстық жолмен беру керек деп қосады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: