Дүйсенбі, 10 қараша, 20:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Елде «А» тұмауы тіркелді: Мамандар ауру белгілерін атады

10.11.2025

41 0

Фото: - архив

Дегенмен Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметінше, Қазақстан аумағында жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай күз-қыс маусымына тән дәрежеде дамып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанда жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) 1 278 745 жағдайы тіркелді. Бұл көрсеткіш 2024-2025 жылдардағы алдыңғы эпидемиялық маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 19%-ға төмен, – делінген хабарламада.

Эпидемиялық маусым басталғалы бері А (H3N2) типті тұмаудың зертханалық түрде расталған 304 жағдайы анықталды.

А (H3N2) тұмау вирусы – жыл сайын айналымда жүретін маусымдық А типті вирусының бір түрі және ол жаңа штамм болып саналмайды. H3N2 қоздырған ауру әр эпидемиялық маусымда кездеседі және тұмауға тән белгілермен өтеді, – делінген Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті дерегінде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, биылғы эпидемиялық маусымда тұмау вирусының үш штаммы өзекті болады: A (H1N1), A (H3N2) және B. Комитет мәліметінше, аталған штаммдар осы маусымдағы тұмауға қарсы вакцинаның құрамына енгізілген, бұл аурудың асқынуынан сенімді қорғаныс қамтамасыз етеді.

Терапевт-дәрігер Әйгерім Махмутова штаммдар әртүрлі болғанымен ауру белгілері бірдей екенін, ал тағайындайтын ем протокол бойынша бекітілгенін айтады.

ЖРВИ болса, протокол бойынша вирусқа қарсы дәрі тағайындаймыз және ауру белгілеріне қарай тамағы ауырса, мұрны бітелсе шаюды, дене қызуы көтерілсе, парацетомол дәрісін жазамыз. Сондай-ақ таза ауа, ылғалды тазалау, бөлмені желдетіп тұру маңызды. Бактериалды инфекция қосылып, қатты жөтел, бронхит, пневмонияға ауысқан жағдайда ғана антибактериалды терапия тағайындаймыз, – деді ол.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мақсатында келесілерді ұсынады:

  • тұмауға қарсы екпені уақытылы салдыру;
  • қолды жиі және мұқият жуу сияқты жеке гигиена ережелерін сақтау;
  • бөлмені үнемі желдетіп, ылғалды тазалау жүргізу;
  • эпидемиялық өршу кезінде адамдар көп жиналатын орындарға барудан аулақ болу;
  • ауру белгілері (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тұмау) байқалған жағдайда өз бетімен емделмей, дер кезінде дәрігерге қаралу.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: