Бейсенбі, 26 ақпан, 17:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Елдегі дәрі-дәрмектің жартысына жуығы арзандады – министрлік

26.02.2026

46 0

Фото: kursiv.media мұрағаты

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде тараған дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл жөнінде комитеттің сараптама орталығы мәлімдеді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Комитеттің мәліметінше, елдің 20 өңірінде жүргізілген мониторинг бойынша дәрілік препараттардың 50 пайызының бағасы арзандаған. Аталмыш талдау 2025 жылдың қазан және маусым айларының деректері негізінде жасалған.

«Бағасы айтарлықтай арзандаған бес препарат – Хеель, Ревмоксикам, Цефяпс, ВАЛМАК-Н және Зитмак. Аталған дәрілердің бағасы 20-40 пайызға дейін түскен. Суық тию маусымында жиі қолданылатын Цефяпс пен Зитмак тыныс жолдары инфекцияларын емдеуде пайдаланылады»,  – делінген хабарламада.

Комитет өкілдері заңбұзушылықтар туралы DariKZ мобильді қосымшасы арқылы немесе өңірлік департаменттерге тікелей хабарлауға болатынын жазды. Сонымен қатар белгіленген шекті бағадан қымбат сатылған дәрі-дәрмек үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: