Жұма, 27 желтоқсан, 22:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Еліміз Франциямен бірігіп вакцина өндіреді

18.01.2024

386 0

Фото: baq.kz

Бұдан былай еліміз Франциямен бірігіп вакцина өндіретін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Франциядағы елшілігінің қолдауымен «QazBioPharm Ұлттық холдингі» АҚ Бас директоры Ерғали Абдурайымовтың және «Boehringer Ingelheim Animal Health France» француз компаниясы Президенті Кристиан Вайзеннің қатысуымен лицензия, жеткізу және серіктестік туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстанның елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, француз тарапынан Қазақстан-Франция іскерлік кеңесінің тең төрағасы, «Vicat» компаниясының басшысы Ги Сидос, Сенаттың «Франция – Орталық Азия» достық тобының төрағасы Эрве Море, сондай-ақ Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.

Осы Келісімге қол қою, Франция президенті Эммануэль Макронның 2023 жылғы қарашадағы Астанаға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болады.

Лицензиялық келісімге сәйкес «Boehringer Ingelheim Animal Health France» француз компаниясы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының стандарттары бойынша аусылға қарсы жоғары сапалы вакциналар өндірісін дамыту және оны толық жою мақсатында «QazBioPharm» үшін өз ресурстары мен тәжірибесін ұсынады. Айта кетсек, бұл біздің еліміздегі жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы күресті нығайтуға ықпал етеді және қазақстандық ет өнімдерін одан әрі шетелдік нарықтарға экспорттауға мүмкіндік береді. Аусылға қарсы Вакцинация Үкіметтің аурумен күресу жоспарларының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады.

«Boehringer Ingelheim» әлемдегі ең үздік 20 фармацевтикалық компанияларының қатарына кіреді және бүкіл әлем бойынша орналасқан 142 өкілдіктен тұрады. Компания аусылға қарсы вакцина штаммдарының кең портфолиосына ие және Еуропалық фармацевтика өнеркәсібі Федерациясы мен қауымдастықтарының (EFPIA) толық мүшесі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: