Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде 4 науқасқа 3 D принтерде басылған омыртқа салынды

08.01.2023

785 0

Ұлттық нейрохирургия орталығы омыртқаны имплантқа ауыстыру бойынша ғылыми жобаны жүзеге асырды. Орталықта 4 пациентке дербес 3D имплантатты қолдана отырып, омыртқаны ауыстыру отасы сәтті жүргізілді. Бұл туралы  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нейрохирургиялық практикада алғаш рет «Ghalam» ЖШС ғарыш аппараттарын өндірушілерімен бірлесіп пациентке жеке 3D омыртқа басып шығару арқылы имплантат жасалды. Германияның Ульм қаласындағы Травматология және биомеханика институтында имплантаттарға биомеханикалық тестілеу жүргізілді.

ҰНО дәрігерлері манипуляция жүргізу кезінде компремациялық әсерсіз жұлынның анатомиялық және функционалдық маңызды құрылымдарын сақтауға мүмкіндік беретін омыртқаны ауыстырудың арнайы құрылғысы мен әдісін әзірледі.

Пациенттерді бір жыл бойы бақылау имплантатпен байланысты асқынуларды анықтаған жоқ, өмір сапасының көрсеткіштері ауру басталғанға дейінгі көрсеткіштерге қайта оралды.

Осы ғылыми жобаның қорытындылары 2-ден жоғары импакт-факторы бар беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланды, сондай-ақ монография жарияланды.

Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметі барысында барлығы 7 ғылыми жоба, іске асыру сатысында тағы 3 жоба орындалды. Орталық қызметкерлері өнертабысқа 10 патент иегері атанды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: