Қазақстанда ана өлімі көрсеткіші 12%-ға төмендеп, тарихи ең төменгі деңгейге жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, мемлекет денсаулық сақтау сапасын арттыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда. Соның нәтижесінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша:
- халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 75,4 жасқа жетті;
- неонаталдық өлім 20%-ға, сәби өлімі 11%-ға, бала өлімі 8%-ға азайды.
2024 жылы алғаш рет «Феталды медицина» технологиясы енгізіліп, 71 жатырішілік ота жасалды. Соның арқасында 96 нәрестенің өмірі сақталды. Ал 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында туа біткен ақаулары бар 600 нәрестеге операция жасалды.
Біздің мақсатымыз – 2029 жылға қарай халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа жеткізу. Бұл қолжетімді меже, – деді Ақмарал Әлназарова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!