Сейсенбі, 05 тамыз, 17:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58, 2171
05.08.2025
PDF мұрағаты

Елімізде ана өлімі жоғары перзентханалар лицензиясынан айырылады

05.08.2025

46 0

Фото: pixabay.com

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ана мен бала өлімімен күресу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпара агенттігі хабарлайды.

Министр ана мен бала өлімі фактілері бойынша 44 медициналық ұйымға жоспардан тыс тексеру жүргізілгенін мәлімдеді. Соны ішінде Жамбыл және Ақмола облысындарындағы босандыру ұйымдарында ауқымды тексеру жұмысы ұйымдастырылған.

«Тексеру қорытындысы бойынша өңірлерде тіркелген кемшіліктерді жою бойынша жедел іс шаралар кешені бекітілді», – деп мәлімдеді министр.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысы биылғы қыркүйектен бастап медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қадағалау функциясы жүктелетінін атап өтті –лицензиясы тоқтатылады және сертификаты жоқ маман жұмыстан шеттетіледі. 

«Сондай-ақ пациенттерді қолдау қызметтері мен біліктілік талаптары күшейтіледі. Биыл балалар мүгедектігін төмендету мақсатында жүкті әйелдер арасында генетикалық ауруларын анықтаудың жаңа скринингі енгізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі әрі қарай ана мен бала денсаулығын нығайтумен, жүкті әйелдер мен балаларды қажетті дәрі-дәрмекпен, медициналық көмекпен толық қамтамасыз ету шараларын жалғастырады», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: