Сәрсенбі, 05 қараша, 15:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы арзандайды

05.11.2025

63 0

Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар дәрілік препараттардың бағасы төмендегенін мәлім қылды. Ведомство мәліметінше, бағасы арзандаған дәрілер – мемлекет тарапынан реттелетін препараттар, деп жазады Egemen.kz.

«Баға қалыптастырудың жаңартылған тетігін енгізу бағаның ашықтығын және дәрі-дәрмек құнының болжамдылығын арттыруға бағытталған», деп нақтылады министрлік.

Қазіргі уақытта 4 994 саудалық атаудағы дәрі-дәрмекке шекті бағалар бекітілген. Ал тағы 1 707 рецептісіз сатылатын препарат нарықтық бағамен саудаланғанымен, уәкілетті органның бақылауында қалады.

Баға мониторингі

2025 жылы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті еліміздің 20 өңірінде дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізген.

Зерттеу аясында сұранысы жоғары 5 фармакологиялық топқа жататын 50 дәрі түрі қарастырылды:

вирусқа қарсы,

қабынуға қарсы,

бактерияға қарсы,

жүрек-қан тамыр жүйесіне арналған,

асқазан-ішек ауруларын емдеуге арналған дәрілер.

«Талдау нәтижесі бойынша қыркүйекте маусыммен салыстырғанда дәрілердің 34 пайызының (орта есеппен 7,8%) бағасы төмендеген, ал қазанда – 50 пайызының (орта есеппен 11,1%) арзандауы байқалды», делінген министрліктің хабарламасында.

Азаматтар дәрі-дәрмек сату кезінде баға бұзушылықтарын DariKZ және Naqty Onim мобильді қосымшалары арқылы немесе комитеттің өңірлік департаменттеріне жүгіну арқылы хабарлай алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: