Сәрсенбі, 19 қараша, 17:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Елімізде тұмаумен ауырғандар саны 1,5 миллионға жетті

19.11.2025

40 0

Фото: ОКҚ

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биылғы эпедимиологиялық маусым басталғалы бері елімізде ЖРВИ-дің 1,5 млн жағдайы тікрелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға төмен. 14 жасқа дейінгі балалар арасында шамамен 1 млн-дай жағдай тіркелді. Эпедиомологиялық маусым басталғалы бері тұмаудың зертханалық расталған 590- жағдайы байқалды,- деді ол.

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде «Гонконгтық вирус» деген атаумен жаңа тұмау түрінің пайда болғаны туралы ақпарат тарап жүр. Осы тұрғыда вице-министр оның бұрыннан бар екені, жалған ақпарат тарап жатқаны туралы айтты.

Бұл жаңа вирус емес. Ол 1968 жылдан бастап әлемде де, Қазақстан аумағында да бірнеше жылдар бойы анықталып келеді,-деді ол.

Бүгінгі таңда тұмауға қарсы 2,1 миллион адам екпе салдырған. Республика бойынша тұмаумен 66%- балалар , 34% – ересектер ауырған.

Бір аптада мектеп оқушылары арасында 6 мыңға жуық ЖРВИ, 13 тұмаумен ауыру жағдайы тіркелген. Қазіргі таңда науқастар үшін емханаларда 1800 фильтр кабинеттері жұмыс жасап тұр. Шұғыл медициналық көмекті 1600 жедел жәрдем көрсеткен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: