Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Енді жедел жәрдем шұғыл емес шақыртуларға бармайды

25.09.2024

342 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем ережелеріне түзетулер жобасын дайындады. Мұнда енді Қазақстанда шұғыл көмек қажет болса да, кешке немесе түн ортасында шақырған науқастарға жедел жәрдемнің бармайтыны көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған бұйрықтың тиісті жобасы бір күн бұрын талқылау үшін жарияланды. Талқылау 8 қазанға дейін жалғасады.

Түзетулерге сәйкес, жеделдіктің 4-санатындағы қоңыраулар түскен кезде, яғни науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнбеген жағдайларда “жедел жәрдем» жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін және сенбі күні түске дейін қызметте болады.

Құжаттың салыстырмалы кестесінде бұл шешімнің тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан жасалғаны түсіндіріледі. Шенеуніктер мұның кредиторлық берешектің пайда болуына әкелетінін айтты.

«Қазіргі тариф МСАК ұйымы жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің барлық шығынын толық өтеуді қамтамасыз етпейді», – делінген салыстырмалы кестеде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: