Қазақстанда «Десилмакс» атты үндістандық препаратты әкелуге және пайдалануға ресми түрде тыйым салынды. Сараптама жүргізгеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігі осындай шешім қабылдаған, – деп хабарлайды kursiv.media
Ведомствоға тиесілі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 11 ақпанда арнайы бұйрыққа қол қойған. Оған сәйкес, «Десилмакс» дәрілерін медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынды. Елде айналымда жүрген барлық препарат алынып тасталады.
Дәріні өндіруші – үндістандық «Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед» компаниясы.
Дәріні алып тастауға не себеп?
Комитет өкілдерінің түсіндіруінше, «Десилмакс» препараты белгіленген стандарттарға сай келмейді. Сондықтан дәріхана жүйелері бұл дәріні сөрелерден алып тастауға міндетті. Ал оны қабылдап жүрген науқастар дәрігерге хабарласып, басқа баламасына ауыстыруы керек.
Десилмакс – ер адамдарға арналған дәрі. Ол жыныстық қатынас кезінде ер адамның қуатын сақтау үшін қолданылады.
Мамандардың сөзінше, комитет қаулысын орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
