Жұма, 07 қараша, 10:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Ерте диагностика: 8 мыңнан астам әйел сүт безі обырына тексерілді

07.11.2025

53 0

Фото: pelex. com

Елімізде 8 мыңнан астам әйел «Қызғылт қазан» республикалық акциясына қатысып, сүт безі обырының ерте диагностикасынан өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл акция халықтың сүт безі обыры туралы хабардарлығын арттыру мақсатында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен және еліміздің 20 өңірлік онкоорталығының қатысуымен өткізілді

Акция шеңберінде онкоорталықтар мен емханаларда ашық есік күндері, кәсіпорындарда көшпелі тексерулер, сондай-ақ әйелдерге арналған дәрістер мен консультация беру шаралары ұйымдастырылды. Профилактикалық жұмыстарға ірі компаниялар да белсенді атсалысып, дәрігерлермен кездесу алаңдарын ұсынды.

Маммографияны қоса алғанда барлығы 3440 зерттеу мен талдау жүргізілді. Нәтижесінде 629 әйелден онкологиялық және ісікалды үдерістер, 2573 әйелден басқа патологиялық өзгерістер анықталды, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: