Сейсенбі, 17 маусым, 23:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Ерте піскен көкөністер мен жемістерді таңдау кезінде неге мән беру керек?

17.06.2025

59 0

Фото: eda.show

Көктемнің соңы мен жаз айлары – базарлар мен сауда сөрелерінде көкөністер мен жеміс-жидектердің алуан түрінің көбейетін кезеңі, сәйкесінше нитраттармен улану ықтималдылығы да жоғары.  Себебі «Жеделдетілген режимде» өсірілген бақша өнімдері құрамындағы жоғары мөлшерде кездесетін пестицидтер мен нитраттардан ағзаның улануы мүмкін.

Жосықсыз өндірушілер тыңайтқыштардың рұқсат етілген дозаларын әдейі асырады, нәтижесінде көкөністер мен жемістер тәбетті ашатындай тартымды көрінеді. Бірақ әрқашан дәмді әрі пайдалы бола бермейді. Нитраттар, азот қышқылының тұзы адам ағзасында, кейде тоңазытқыштың ішінде нитриттерге, азот қышқылының тұздарына айналады, бұл өз кезегінде денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіреді. Мәселе нитраттардың болуында емес, олардың мөлшері мен концентрациясында. Аз мөлшердегі нитраттар мен нитриттерді ағза қысқа уақыт ішінде өзі шығара алады, бірақ мөлшері шамадан тыс болып, ағза олармен қанығатын болса, бұл уланудың ауыр түрлеріне әкеп соғады.

Уланудың алғашқы белгілері: шаршағыштық, бастың ауыруы, жүрек айну, құсу және диарея, кей жағдайларда дене қызуының көтерілуі, құрысулар және буындардың ауырсынуы болуы мүмкін. Уақтылы емделу үшін дәрігерге қаралу керек.

​ Бірнеше қарапайым кеңестер нитраттардың мөлшерін азайтуға және қауіпсіз тағам жасауға көмектеседі:

– көкөністер мен жемістерді тек рұқсат етілген сауда орындарынан алуға кеңес береміз;

– ерте піскен көкөністерді сатып алудан мейлінше аулақ болыңыз. Ең жылдам пісетін бақша өнімдерінің өзі шілде айының соңына қарай бабымен пісе бастайды;

– сатып алынатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етіңіз;

– нитраттардың дозасын азайту үшін көкөністер мен жемістерді қабығынан, тамырынан, сабақтарынан тазартыныз. Жеміс-жидек пен көкөністерді тұтынар алдында аз мөлшерге суда ұстаған жөн, бұл оның құрамындағы зиянды заттар көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ерте піскен жеміс-жидектерге, көкөністерге сақтықпен қарауға шақырады. Есіңізде болсын, дұрыс тамақтану – салауатты өмір кілті.

Гульмира Сыздыкова,

Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: