Сейсенбі, 02 желтоқсан, 12:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Фортификацияланған ұнның адам ағзасына пайдасы қандай?

02.12.2025

24 0

Фортификация дегеніміз – ол ұнды тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералды қосу процесі. Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Фортификация процессі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәрумендері қосылады. Қоспа элементтері тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органикалық және басқа да қасиеттеріне әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды. Фортификацияланған ұнның сақтау мерзімі – 6 ай. Соңғы 50 жыл ішінде бұл әдіс кең таралған технологияға айналды, яғни 85 елде ұнды міндетті фортификациялау туралы заң қабылданды. Бидай әлемде аса өріс алған дәнді егіс, ал ұн – көпшілік тұтынатын аса әмбебап және күнделікті өнім болып табылады. Сондықтан фортификацияланған ұнды пайдалануға кеңес береміз.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды ұн сатып алу кезінде оның фортификацияланғанына назар аудару қажеттігін еске салады. Себебі ағзаға қажетті дәрумен-минералдармен байытылған тағам түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Бұдан бөлек, өнім сатып аларда оның сыртқы түріне, қаптамасының бүтіндігіне, жағымсыз әрі өткір иістердің болмауына назар аударыңыз. Сондай-ақ жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары да мән беруді қажет ететін маңызды талаптардың бірі. Егер қандай да бір бүліну немесе сапасына күмән туатын болса мұндай өнімді алмауға тырысыңыз.
Қызылорда облысының аумағында нан және нан өнімдерін шығаратын 58 нысан есепке алынған, оның 10-ы кондитерлік өнімдерді өндіруші кәсіпорын болса, 48 – наубайхана. Ұн өндірумен айналысатын кәсіпорындар мен зауыттар есепте жоқ. Облысқа ұн Астана, Көкшетау, Қарағанды, Шымкент, Орал өңірлерінен және көршілес Ресей мемлекетінен жеткізіледі. Негізінен тасымалданатын ұн қала, аудандардың сауда дүкендері арқылы халыққа таратылады. Облыс деңгейіндегі наубайханаларда, асханаларда және ұн сатумен айналысатын сауда орындарында жоғары және бірінші сұрыптағы фортификацияланған ұнды енгізу қажеттілігі туралы санитариялық-ағарту жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Өнімдер қауіпсіздігін мониторингілеу аясында ұнның 57 сынамасы, оның ішінде 6 сынама фортификацияланған ұн іріктеп алынып, лабораториялық жолмен зерттелді, сәйкессіздіктер анықталған жоқ.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: