Сейсенбі, 24 желтоқсан, 18:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Газдалған су қаншалықты зиян?

16.08.2023

603 0

    Қазіргі уақытта сусынның құрамында газ бар.Бұны жақсы білетін қарапайым халық газдалған сусынды ішуді тоқтатар емес.Дүкен сөрелерінде, ойын-сауық орталықтарында, жарнамаларда, барлық жерде осы зиянды сусындар.Еске салсақ, осы жаздың маусым айында, бұл сусындар бағасы қазан айының бірінен бастап өседі деп үкім шығарылған еді.

    Қолда бар деректерге қарағанда осы бір жылдың өзінде сусындардың бағасы 31,4 пайызға өскен. Қымбаттаса да алатындар азаймаған. Біз тұрғындарды сөзге тартқан едік «‎қанша жерден бағасы қымбат болса да халық ішуін тоқтатпайды.Себебі газдалған немесе энергетикалық сусындардың тұтқынына айналған. Мұны тәуелділік дейді.Тәуелді болған адам қымбат бағаны қарамайды. Бұл мәселені басқа жолмен шешу қажет. »-деді Қызылорда қаласының Мәди Сәукенов есімді тұрғыны.

    Эндокринолог Айым Ибраева газдалған тәуелді болады дейді. Дәрігер өз сұхбатында: «‎Газдалған сусындар дәл арақ, вино, пиво т.б. секілді өзіне деген тәуелділікті оятады. Ал бұдан соң сіз күнделікті сусын ішуді талап етіп тұрасыз. Бұл бізде анемия ауруын тудырады. »деген еді.

     Маманның сөзінше, газдалған сусындардың аурулары мұнымен шектелмейді. сонымен қатар ер адамдарды белсіздікке әкелуі әбден мүмкін. Жалпы адамның тез қартаю процессіне алып келеді екен. Көбіне адамдар осы дәмді, тәтті сусындарды шамадан тыс тұтынудың салдары неге әкеліп соғатынын толық түсінбейді. Қанттың қауіптілігі оның мөлшерінде. Бір стакан сусынның құрамында 5 ас қасық қант бар дейді мамандар. Газдалған сусынды үнемі тұтынудың әсері тіс эмалын ерітеді, бұл кариестің дамуына әкеледі, гастрит, уролотия және бүйрек коликасын тудырады. Газдалған сусындар тек балаларға ғана емес, сонымен қатар бала емізетін және жүкті әйелдерге де тұтынуға болмайды. Мамандар үйде жеміс-жидектерден компот пен сусындар дайындап немесе газсыз артезиан суын ішкен дұрыс дейді.

Зайниддин ЕДІЛҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: