Сәрсенбі, 24 қыркүйек, 17:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72, 2185
23.09.2025
PDF мұрағаты

Гендік модификацияланған организмдер туралы не білу керек?

24.09.2025

49 0

Гендік модификацияланған организмдер – гендік инженерия әдістерін қолдана отырып алынған және құрамында гендік-инженерлік материалы бар табиғи организмдерден ерекшеленетін, тұқым қуалайтын генетикалық материалды көбейтуге немесе беруге қабілетті организм немесе бірнеше организмдер, кез келген жасушалық емес, бір жасушалы немесе көп жасушалы түзілім, оның ішінде гендер, олардың фрагменттері немесе ген комбинациясы.
Бастапқыда ГМО құрудың мақсаты өсімдік өнімділігін арттыру болды. Себебі өзгерген гендері бар сорттар қолайсыз климатқа, стресске, аурулар мен зиянкестерге төзімді, тезірек піседі және ұзақ сақталады. Трансгенді технологиялардың көмегімен әдеттегі тамақ өнімдері жаңа қасиеттерге ие болды. Мысалы, құрамында қанты аз құлпынай, кофеині жоқ кофе.
Құрамында ГМО болуы мүмкін тағамдар: соя және соя өнімдері, жүгері, картоп, қызанақ, кәділер, қант және ас үй қызылшасы, бидай және оның өңделген өнімдері, Өсімдік майы, сәбіз, күріш, пияз.
Дүкендегі тұтынушы өнімдегі ГМО мазмұнын қалай анықтайды?
Тұтынушы сатып алынған өнімде ГМО-ның бар-жоғын оны қолына алғанда, көзімен және иісімен анықтай алмайды, ол үшін санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қажет.
Кеден одағының «Тамақ өнімі оны таңбалау бөлігінде» техникалық регламентіне сәйкес: егер дайындаушы тамақ өнімін өндіру кезінде гендік-модификацияланған организмдерді пайдаланбаған жағдайда, онда тамақ өніміндегі ГМО мөлшері «0,9 пайыз және одан аз» кездейсоқ немесе техникалық жойылмайтын қоспа болып табылады және мұндай тамақ өнімі құрамында ГМО бар тамақ өніміне жатпайды. Мұндай тамақ өнімдерін таңбалау кезінде ГМО болуы туралы мәліметтер көрсетілмейді.
Сондықтан егер зерттелетін өнімде мазмұнның пайызы 0,9-дан аз немесе оған тең болса, онда ол таңбаланбайды және зиянсыз деп саналады.
Бұл ретте тұтынушыларға сатып алудан бұрын өнімнің таңбалануын мұқият зерделеу ұсынылады.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жыл басынан бері өнім қауіпсіздігінің мониторингі шеңберінде ГМО анықтау мақсатында шұжық өнімдері, қытырлақ картоп пен консервіленген көкөністердің 12 сынмасын іріктеп алды. «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда филиалының лабораториясында зерттеулер жүргізіліп, сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты атқарылуда.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: