Дүйсенбі, 24 ақпан, 00:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

Ғалымдар миды 10 жылға жасартудың әдісін тапты

23.02.2025

85 0

Фото: pixabay.com

Альберт университетінің мамандары Канада мен АҚШ-тағы әріптестерімен бірге адам миын 10 жылға жасартатын әдісті тапты. Олар бірнеше апта ғаламторсыз жүрген адамдар арасында зерттеу жүргізіп, таңғаларлық нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Doctorpiter порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өз тәжірибелері үшін ғалымдар еріктілердің телефондарына интернетке кіруге тыйым салатын арнайы қосымша орнатты. Зерттеу екі аптаға созылуы керек еді. Бірақ олардың көпшілігі әлдеқайда ертерек бас тартты. Экспериментте ерлер мен әйелдердің төрттен бір бөлігі ғана соңына дейін шыдады.

Ғалымдар екі апта бойы интернеттен бас тартқан адамдардан сұхбат алып, гаджеттердің детоксы психикаға өте күшті әсер еткенін анықтады.

Біріншіден, барлық қатысушылар өздерін әлдеқайда бақытты сезінген. Адамдар интернетсіз өмір сүру көбірек рахат әкелетінін мойындады.

Екіншіден, адамдардың психикалық жағдайы жақсарған. Тіпті терапия кезінде антидепрессанттар адамға бұлай әсер етпейді.

Үшіншіден, еріктілердің зейіні артып ми қабілетті 10 жылға жасарған. Тіпті олардың түнгі ұйқысы жақсарған.

«Экспериментке қатысушылардың 91 пайызынан осы оң әсерлердің кем дегенде біреуі табылды. Сандық детокс психикалық денсаулыққа айтарлықтай әсер етті. Мұны барлық еріктілердің 70,5 растады. Тіпті эксперимент шарттарын толық орындамағандар да айтарлықтай жақсаруды сезген. Мұның бәрі адамдардың офлайн қарым-қатынасқа, серуендеуге және спортпен айналысуға бос уақыты болғандықтан», – деп түсіндірді эндокринолог.

Зерттеу авторларының өздері қазіргі әлемде телефоннан мүлдем бас тарту мүмкін емес екенін мойындайды. Алайда, әр адам әлеуметтік желілерде қанша уақыт өткізетінін бақылай алады. Мысалы, сіз интернетті тәуліктің белгілі бір уақытында ғана пайдалана аласыз және «экран уақытын» үштен біріге қысқарта аласыз. Бұл да айтарлықтай нәтиже береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: