Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 09:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Халықтың әр түрлі санаттары үшін МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін алу мүмкіндіктері

11.07.2023

585 0

Көбінесе жұмыс берушілер немесе азаматтардың өздері барлық жарналар мен аударымдарды төлемейді. Бұл МӘМС медициналық қызметтеріне қолжетімділіктің болмауына себеп болады. Барлық жарналар жасалғанын мұқият тексеру қажет. Мәртебе «сақтандырылған» болуы үшін жетіспейтін төлемдерді төлеу керек. 2023 жылы аударымдар мен жарналарды кім және қалай жасау керектігін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Ғалымжан Салықов түсіндірді.

Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз, төлеушінің санатына қарай МӘМС үшін ай сайынғы төлем мөлшерін анықтаңыз:

15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар. Жарналарды мемлекет өз тарапынан өтейді.

Жалдамалы жұмысшылар. Төлемді жұмыс берушінің есеп бөлімі жүзеге асырады. Жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін аударымдары 3% құрайды (төлем тағайындау коды – 121), аударымдардың ең жоғары сомасы 21 000 теңгеден аспауы тиіс.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2023 жылы табыстарының 2% құрады (ТТК-122). Жарнаның ең жоғары сомасы 14 000 теңгені құрайды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (жұмыскерлері жоқ және жеке кәсіпкерлерді тіркеусіз қызмет көрсететін тұлғалар) – БЖТ төлеушілер – республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1 АЕК (3 450 теңге), басқа елді мекендер үшін – 0,5 АЕК (1 725 теңге).

Дербес төлеушілер – 1 ЕТЖ – дан 5% (2023 жылы 3 500 теңге).

Сақтандыру мәртебесі үшін жарналарды 12 ай бойы үздіксіз төлеуі қажет. Мысалы, егер 2022 жылы 2-3 ай төленбесе, онда барлық 12 ай үшін төлемдер болуы үшін оларды дербес төлеуші ретінде төлеген дұрыс Егер 2022 жылы төлем мүлдем болмаса, онда  бір жыл бұрын жарналар салған тиімді. Медициналық көмекке жүгіну кезеңінен бастап.

БЖТ төлеушілер үшін – соңғы 3 ай қатарынан (медициналық көмекке жүгінген кезде).

МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады: fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyryBot, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: